05 мамыр 2016 17:37

Қазақ әртістерінің қойылымы халықаралық фестивальде "ең үздік спектакль" жүлдесін иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры © Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Түркияның Конья қаласында 20-30 сәуір аралығында өткен "Мың тыныс бір дауыс" атты Түркітілдес театрлардың ІХ халықаралық фестиваліне қатысып, "Ең үздік спектакль" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түркітілдес театрлардың ІХ халықаралық фестивалі өте жоғары дәрежеде өтті. Фестивальге он түрлі театр қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олардың ішінде біздің ұжым "Ең үздік спектакль" жүлдесін жеңіп алды", - деді театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықов.

Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған бұл шарада театр ұжымы Георгий Хугаевтың "Қара шекпен" қойылымын көрсетті. Спектакльдің қоюшы-режиссері - Асхат Маемиров, қоюшы-суретшісі - Индира Ихсан, музыкамен көркемдеген - Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов, балетмейстер Ринат Билібаев болды.

26 сәуір күні Түркияда көрермендер назарына ұсынылған "Қара шекпен" спектаклінде Данияр Базарқұлов, Жанар Мақашева, Ерлан Кәрібаев, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Гүлбаһрам Байбосынова, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ербол Садырбаев, Ербол Ыдырысов, Гаухар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Гүлдана Ергешова, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев өз өнерін көрсетті.

Айта кетейік, "Қара шекпен" - жануарлардың бейнелері арқылы адамның шынайы бетін ашып көрсетуге бағытталған спектакль.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети