25 ақпан 2015 17:17

Қазақ хандарының жәдігерлері Тұңғыш Президент музейінде көрмеге қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі. ©Астана әкімдігінің ресми сайты ҚР Тұңғыш Президентінің музейі. ©Астана әкімдігінің ресми сайты

ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Көрменің ашылу рәсімі 25 ақпанда өтті.


ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Көрменің ашылу рәсімі 25 ақпанда өтті.

Көрме "Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері" деп аталады. Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше музейлік жинақты ұсынып отыр.

"Көрменің мақсаты - қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған Қазақ хандығы тарихындағы айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету. Қазақ хандығының кең байтақ кескіндемелі бейнесін танымал қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, зергерлер, реконструкция жасаушылардың туындылары көз алдымызға елестетеді", - делінген хабарламада.

Экспозицияда бірқатар тарихи артефакті бар: Ресей патшайымы І Елизаветаның атынан Абылай ханға тарту етілген атақты қылыштың бөлігі, Бөлек батырдың дулығасы, сонымен қатар тарихи дәлдікпен орындалған қазақ хандарының мөр-жүзіктері мен алтын зерлі жіппен кестеленген көркем паннолар бар.

"Экспозицияның музейдің күмбезді залында орналасуының символдық мәні бар, себебі дәл осы жерде 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қазақстанның жаңа астанасын жария еткен болатын", - делінген хабарламада.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети