27 мамыр 2015 | 13:55

Қазақ қызы "Сочидің алтын аруы" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Даниярова. © Айжан Түгелбаева Әлия Даниярова. © Айжан Түгелбаева

Алматылық 22 жастағы Әлия Даниярова Қазақстанның атынан Сочиде өткен Miss Black Sea Coast 2015 ("Қара теңіз жағалауы Аруы") халықаралық сұлулық байқауына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық 22 жастағы Әлия Даниярова Қазақстанның атынан Сочиде өткен Miss Black Sea Coast 2015 ("Қара теңіз жағалауы Аруы") халықаралық сұлулық байқауына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлия Даниярова "Сочидің алтын аруы" титулына ие болды, оған жүлде ретінде Сочиде демалуға арналған жолдама табыс етілді. Айта кетейік, Даниярова сұлулық байқауына бірінші рет қатысып тұрған жоқ, ол "Алматы Аруы-2014" пен "Қазақ Аруы-2013" байқауларының финалисі. Ол Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. Отандық телехикаяларға қатысып үлгерген, олардың қатарында "Махаббатым жүрегімде", "Қыздар", "Жедел жәрдем-2", "Сүрбойдақ" бар.

Ресей, Украина мен Қазақстаннан барған 27 ару жеңіс үшін таласты. Ақтық сында қыздар сәнді көйлектерін киіп, дефиле жасады, соңынан купальниктер мен кешке арналған көйлек үлгілерін көрсетті. Қорытынды бағалау кезінде ұлттық киімдер мен шығармашылық номерлерге баса назар аударылды.

Айта кетейік, Ресейдің Орёл қаласынан қатысқан Дарья Симонова "Қара теңіз жағалауы Аруы-2015" байқауының жеңімпазы атанды, ал Ростов-на-Донудан барған Виктория Губанова екінші орынға ие болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети