"Триллионер" жобасының авторы, дін маманы Шамиль Аляутдинов пен ресейлік актер Марат Башаров ойнайтын "Разговор с душой: время поговорить" қойылымы діни мазмұны үшін Қазақстанда көрсетілмей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Триллионер" жобасының авторы, дін маманы Шамиль Аляутдинов пен ресейлік актер Марат Башаров ойнайтын "Разговор с душой: время поговорить" қойылымы діни мазмұны үшін Қазақстанда көрсетілмей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Спектакльдің сайтында қойылымның заманауи би мен вокал өнерін, драма театрын біріктіргені айтылады. Спектакльде 50-ден аса әртіс өнер көрсетеді екен. Қойылым бұған дейін Мәскеуде, Қазан қаласында және Уфада көрсетілген екен.
Айта кетейік, қойылым 13 мамырда Астанада және 15 мамырда Алматыда көрсетілуі керек болған еді. Шамиль Аляутдинов Facebok әлеуметтік желісіндегі парақшасында осыған байланысты жазба қалдырды. "Разговор с душой" театралдық-музыка қойылымының ұйымдастыру комитеті Қазақстанда билеттердің сатылымы тоқтағанын хабарлайды. ҚР мұсылмандардың діни басқармасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі соңында бізге қолдау білдіреді деген үміттемін", - деп жазды ол.
Шамиль Аляутдинов
Қазақстанда қойылымның діни насихат элементінен тұрғандықтан көрсетілмегені белгілі болып отыр. "Діни шариғатты нәсихаттаумен байланысты әрекеттер миссионерлік іс болып есептеледі", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің өкілдері өз кезегінде.
Шамиль Аляутдинов
Дегенмен қойылымды ұйымдастыру комитеті қазақстандық аудитория алдағы уақытта спектакльді көре алады деген үмітте.