30 шілде 2022 | 12:51

Қазақстандық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында гран-при жеңіп алды

Дина Шарипханова Корреспондент

Петропавлдық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында гран-приді жеңіп алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлдық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында гран-приді жеңіп алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22-31 шілде аралығында Калифорниядағы Анахайм қаласында өнер түрлерінің 25-мерейтойлық дүниежүзілік чемпионаты өтті. Әлемнің 72 елінен 3000-нан аса конкурсант қатысқан өнер додасында еліміздің намысын қызылжарлық Sensitive бал биі театры қорғады.

Реклама
Реклама

"Sensitive" бал биі театрының ұжымы жартылай финалда ел намысын лайықты қорғап, финалға жолдама алып Грант-При жеңіп алды. Жерлестеріміз АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Канада және Германия елдерінің өкілдерімен бақ сынасты", - делінген хабарламада.

Sensitive бал биі театры - саңырау бишілер театры. Олар - есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Солтүстік Қазақстан арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушылары мен түлектері. Жігіттер көптеген беделді халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная