Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Өнер

Қазақстандық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында гран-при жеңіп алды 30 шілде 2022, 12:51

Петропавлдық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында гран-приді жеңіп алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Петропавлдық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында гран-приді жеңіп алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22-31 шілде аралығында Калифорниядағы Анахайм қаласында өнер түрлерінің 25-мерейтойлық дүниежүзілік чемпионаты өтті. Әлемнің 72 елінен 3000-нан аса конкурсант қатысқан өнер додасында еліміздің намысын қызылжарлық Sensitive бал биі театры қорғады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Театр танца "Sensitive" (@dance_theater_sensitive_deaf)

"Sensitive" бал биі театрының ұжымы жартылай финалда ел намысын лайықты қорғап, финалға жолдама алып Грант-При жеңіп алды. Жерлестеріміз АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Канада және Германия елдерінің өкілдерімен бақ сынасты", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MÄDENİET•TILDERDI DAMYTU•ARHİV (@madenietsqo)

Sensitive бал биі театры - саңырау бишілер театры. Олар - есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Солтүстік Қазақстан арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушылары мен түлектері. Жігіттер көптеген беделді халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram