Хип-хоп бишілер Баука және L'eto
Қазақстандық бишілер Бауыржан Bauka Сейфуллин & Ренат Измаилов (L'eto), Францияда өткен әлемдегі ең беделді би байқауларының бірі - Juste Debout-2014 байқауында өнер көрсетіп, ақтық сынға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлемнің әр түкпірінен бидің түрлі бағыттары бойынша 20 мың қатысушы қатысқан байқауда қазақстандықтар үздіктер қатарына енді. Әділқазылардың көңілінен шыққан бишілер ақтық сынға өтіп, онда Германияның ең мықты деген Majid & Franky Dee биші тобымен би жарыстырды. Біздің бишілеріміз германиялықтардан сәл ғана қалыс қалып, екінші орынды иеленді. Биыл қазақстандықтар әлемдегі ең беделді би байқауларының бірі - Juste Debout-2014 байқауына бірінші рет қатысып отыр. Қаңтар айының басында ТМД елдерінің бишілері Алматыдағы іріктеу сынына қатысып осы байқаудың жолдамасына таласқан болатын. Ең үздік деген қазақстандық бишілер Париждегі байқауда өнер көрсетті, солардың арасында Бауыржан мен Ренат үздік шықты. Juste Debout би байқауында Locking (Локинг) аталымы бойынша Бішкектен Жан Воинов және Нестана, House аталымы бойынша Назым Қалкенова (Астана) және Әсия Айешова (Алматы), Popping (поппинг) аталымы бойынша Андрей Батуро (Калининград) және Дәурен Айжарықов (Астана) қатысты. Juste Debout-2014 байқауына Marquest (АҚШ), Tatsuo (Жапония), J-Soul (Франция) және Djidawi (Франция) қазылық етті.
Қазақстандық бишілер Бауыржан Bauka Сейфуллин & Ренат Измаилов (L'eto), Францияда өткен әлемдегі ең беделді би байқауларының бірі - Juste Debout-2014 байқауында өнер көрсетіп, ақтық сынға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлемнің әр түкпірінен бидің түрлі бағыттары бойынша 20 мың қатысушы қатысқан байқауда қазақстандықтар үздіктер қатарына енді. Әділқазылардың көңілінен шыққан бишілер ақтық сынға өтіп, онда Германияның ең мықты деген Majid & Franky Dee биші тобымен би жарыстырды. Біздің бишілеріміз германиялықтардан сәл ғана қалыс қалып, екінші орынды иеленді.
Биыл қазақстандықтар әлемдегі ең беделді би байқауларының бірі - Juste Debout-2014 байқауына бірінші рет қатысып отыр. Қаңтар айының басында ТМД елдерінің бишілері Алматыдағы іріктеу сынына қатысып осы байқаудың жолдамасына таласқан болатын. Ең үздік деген қазақстандық бишілер Париждегі байқауда өнер көрсетті, солардың арасында Бауыржан мен Ренат үздік шықты.
Juste Debout би байқауында Locking (Локинг) аталымы бойынша Бішкектен Жан Воинов және Нестана, House аталымы бойынша Назым Қалкенова (Астана) және Әсия Айешова (Алматы), Popping (поппинг) аталымы бойынша Андрей Батуро (Калининград) және Дәурен Айжарықов (Астана) қатысты.
Juste Debout-2014 байқауына Marquest (АҚШ), Tatsuo (Жапония), J-Soul (Франция) және Djidawi (Франция) қазылық етті.