Қазақстандық гитарист, "Тенгри шыңында" рок-фестивалінің қатысушысы Артур Машуров (Нодарио) әлемдегі ең мықты гитаристер қатысатын Guitar Idol 2014 байқауына қатысып, жүлде алуға үміттеніп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандық гитарист, "Тенгри шыңында" рок-фестивалінің қатысушысы Артур Машуров (Нодарио) әлемдегі ең мықты гитаристер қатысатын Guitar Idol 2014 байқауына қатысып, жүлде алуға үміттеніп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар байқау сайтына өзінің гитарада орындаған шығармасының бейнежазбасын салады. Екінші кезеңге үздік шыққан 100 қатысушы өтеді. Үздіктерді арнайы сайланған қазылар алқасы, онлайн дауыс берушілер және демеушілер таңдайды. 100 қатысушының арасынан тек суырылып шыққан 8 гитарист ақтық сынға шығып, 13 қыркүйекте Лондонда өтетін гала-концертке қатысады.
Артур Машуров бірінші кезеңде өзі шығарған Rush hour ("Час пик") композицияны байқау сайтына жіберді. "Менің композициям менің ішкі көңіл-күйімді білдіреді. Жалпы менің шығармаларымнан өзімнің ойымды оқуға болады" дейді Машуров.
Гитаристің айтуынша, осы байқауға тек жас гитаристер ғана емес, тәжірибесі мол кәсіби гитаристер де қатыса алады. "Кезінде өзім гитара ойнауды үйренген жігіттерді де байқауға қатысушылар қатарынан көрдім. Яғни, байқау өте тартысты болайын деп тұр", дейді ол.
Guitar Idol байқауын LickLibrary тәуелсіз музыканттар бірлестігі ұйымдастырады. Олардың мақсаты әлемдегі ең дарынды гитаристерді анықтау. Guitar Idol жүлдегерлерін музыка әлемінде үлкен жетістіктер күтеді. "Байқауға қатысудың өзі – пиар. Қазіргі таңда менің шығармам байқаудың сайтындағы 350 композицияның қатарында тұр. Оны әлемнің көптеген музыканттары, продюсерлер тыңдай алады, гитарада кімнің қалай ойнайтынын бағалауға мүмкіндіктері бар. Бұл байқау тек қазылар алқасы үшін ғана емес, көптеген музыканттар осы байқау арқылы өз топтарына гитарист іздейді" дейді гитарист.
Артур Машуров өз кезегінде жас өнерпаздарға халықаралық байқауларға қатысуға кеңес берді. Guitar Idol сайтында гитаристке дауыс беруге болады.