Хоргоста өткен мұз және қар фестивалінде қазақстандық Талғат Әбділдаев II орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хоргоста өткен мұз және қар фестивалінде қазақстандық Талғат Әбділдаев II орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үшінші орын Қазақстаннан барған тағы бір мүсінші Талғат Жұмағұловқа бұйырды. Олар Жүргенов атындағы өнер академиясының "Сурет өнері, мүсін және дизайн" факультетінің студенттері.
Әбділдаевтың айтуынша, алты мүсінді дайындауға төрт күн уақыт жұмсалған. Ұсынылған жұмыстардың ішінде "Бәйтерек", "Ұмай-Ана", "Алтын Адам", "Еркіндік", "Қорқыт үні" және "Сақ барсы" бар. "Бұл менің мұзды ойып мүсін жасаудағы алғашқы тәжірибем. Дегенменмүсін жасау саласында 11 жылдан бері жүрмін. Бұған дейін сурет өнерінен бас жүлде жеңіп алдым. Erasmus бағдарламасы бойынша жарты жылдай білім алдым", - деді ол.
Талғат Әбділдаев ұсынған суреттер.