Қазақстандық "Не кипишуй" командасы КВН-нің жоғарғы лигасына жолдама алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:instagram.com/nekipiwui Фото:instagram.com/nekipiwui

Ойындары "Бірінші арнада" көрсетілетін КВН жоғары лигасына 25 команда шықты. Олардың қатарында Нұр-Сұлтанның қазақстандық "Не кипишуй" командасы да бар. Бұл туралы команда мүшесі Ернар Сакупов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ойындары "Бірінші арнада" көрсетілетін КВН жоғары лигасына 25 команда шықты. Олардың қатарында Нұр-Сұлтанның қазақстандық "Не кипишуй" командасы да бар. Бұл туралы команда мүшесі Ернар Сакупов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ернар Сакупов былтыр "Не кипишуй" командасына шақырылған. Оның өзі Атыраудан, бұрын қазақша КВН-де өнер көрсеткен.

"Мені командаға ерекшелік қосу үшін шақырды. Негізі, команда мүшелерінің көпшілігі орыс тілінде акцентсіз сөйлейді, ал мен орыс тілін жақсы білмеймін. "Не кипишуй" командасы Қазақстандағы КВН жоғары лигасының чемпионы. 2020 жылдың чемпиондары. Соған байланысты оларды Сочиге жіберген, 2021 жылы бірінші лигаға жолдама алды. Алдымен жоғарғы лига, содан кейін Премьер-лига және үшінші маңыздылық жағынан - бірінші лига. Біз бірінші лиганың 2021 жылғы чемпионымыз. Уфа қаласында олар жеңіске жетті. Мен командаға 1/8 финалда қосылдым. Бірінші лиганың бүкіл 27 жылдық тарихында қазақтар бірінші рет жеңіске жетті", - деді Ернар Сақыпов.

Осы жеңістен кейін команда "КиВиН-2022" Сочи фестиваліне аттанған.

"Бірінші турда олар "Күн үздігі" болды. Бұған дейін де бірде-бір қазақстандық команда "Күн үздігі" болмаған екен. Екінші турда сценарийді 70 пайызға қайта жазып, сол жерден бізді жоғарғы лигаға шығарды. Жоспар көп, бұл қарапайым естіледі, бірақ жоғарғы лигада жеңіске жетуді қалаймыз.

Қазір демеуші мәселесі туып тұр. Мәдениет және спорт министрлігі қолдаса жақсы болар еді. Біз өз қаржымызға шығып жүрміз", - деді ол.

17 ақпанда Мәскеудегі Ресей армиясының орталық академиялық театры сахнасында командалар өнер көрсетеді деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro