Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Өнер

Қазақстандық спортшылар арбада отырып би билеуден әлем чемпионатына жолдама алды 24 сәуір 2019, 17:23

Нидерландының шығысындағы Кёйк қаласында арбада отырып би билеуден халықаралық лицензиялық турнир аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Нидерландының шығысындағы Кёйк қаласында арбада отырып би билеуден халықаралық лицензиялық турнир аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс 19-21 сәуір аралығында өтті. Оған әлемнің 15 мемлекетінен 85 биші қатысты. Дүбірлі додада ел намысын Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының және Қарағанды облысының спортшылары қорғады.

Елордалық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп өкілдері турнирде 7 медальды еншіледі. Олардың үшеуі - күміс, төртеуі - қола жүлде.

Жарыс қорытындысы бойынша отандық спортшылар биыл күзде Германияның Бонн қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Бишілерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Түсіпбекова дайындады.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті