Қазақстандық стилист Парижде өткен халықаралық конкурста жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық стилист Парижде өткен халықаралық конкурста жеңіске жетті

Қазақстандық стилист Владимир Дубинин Парижде өткен Haute Coiffure Franciase 2017 Loreal Professionnel атты кәсіби конкурста жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық стилист Владимир Дубинин Парижде өткен Haute Coiffure Franciase 2017 Loreal Professionnel атты кәсіби конкурста жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Дубининнің негізгі мамандығы - экономист-аудитор. Алайда ол экономика саласына аяқ баспаған. Университетті аяқтаған соң ол шаштараз өнеріне қызыққан. Ұзақ уақыт Өскеменде жұмыс істейді, кейін Мәскеуге кеткен.  2007 жылы Дубинин белгілі продюсер Яна Рудковскаяның Franck Provost салонында қызмет ете бастайды. Анастасия Заворотнюк сияқты танымал ресейлік жұлдыздарға шаш үлгісін жасайды.

Осыдан кейін Еуропаға ізденіс үшін аттанып кетеді. Ол осы уақытқа дейін ресейлік конкурстарда жеңіске қол жеткізген. Биыл халықаралық конкурста бақ сынап көруге бел буады. Сайысқа Дубинин Қазақстан атынан шықты. Сайыс кезінде Владимир Дубинин ерекше шаш үлгісін жасап, қазыларды таңдандырды.

"Мен бұл жеңісіме 6 жыл дайындалдым. Мен Өскеменді, Қазақстанды мақтан етемін, сол үшін өз елімнің атынан шықтым. Бұл жеңіс Қазақстандағы шаштараздық өнерге жаңа бағыт береріне сенімдімін", - дейді Владимир Дубинин.

Дубинин басты жүлдемен қатар, Франция астанасында шаш үлгілерінің топтамасын көрсетілімге қою мүмкіндігіне ие болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети