23 сәуір 2021 10:14

"Қазақтар сәнге айналды". Dequine мен Dose "Вечерний Ургантта" өнер көрсетті

Фото: Instagram/dequiine

Танымал қазақстандық әншілер Dequine және Dose "Первый канал" телеарнасында өтетін "Вечерний Ургант" бағдарламасында қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық әншілер Dequine және Dose "Первый канал" телеарнасында өтетін "Вечерний Ургант" бағдарламасында қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Dequine (шын аты Данеля Садықова - авт.ескерт) және Dose (шын аты Айдос Жұмалинов - авт.ескерт) кеш қонағы болды. Иван Ургант Dose жақында "Пока" альбомын шығарғанын айтты. Қазақстандық әртіс Сюзанна және Dequine сияқты танымал әншілермен ән жазған.

Реклама
Реклама

Бағдарламада Dequine мен Dose "Ветер" композициясын орындаған. Сонымен қатар, Ургант кеште Dequine-нің Мәскеуде өнер көрсететінін айтты.

"Мен қазақтарға, олардың музыка саласында талантты екеніне таңғаламын", "Қазақтар сәнге айналды", "Қазақтардың танымалдығы сонша енді ВУ-да көрсетіліп жатыр","Олар әнді қалай таза айтты, әдемі ән, дауыстары керемет, енді жиі тыңдаймын", - деп қолданушылар видеоға пікір қалдырған.

Қазақстандық әнші Dequine мансабын 2016 жылы бастаған. 2019 жылдың жазында ол "Фемида" композициясын шығарып, ол оған үлкен танымалдық әкелген. Ән Apple Music Kazakhstan топ-100-ге кірді. Кейін әнді естіген Warner Music Russia өкілдері орындаушыға хабарласып, 2020 жылдың басында олармен альбом шығару туралы келісімшартқа қол қойды.

Dose - павлодарлық әнші. Apple Music-ке берген сұхбатында "Пока" әнші мен продюсердің алғашқы альбомы екені айтылған. Бірақ оның музыкасы бұрыннан белгілі. Ол Strong Symphony лақапатымен битмейкер ретінде T-Fest-пен "Улети", Pharaoh "Амнезия", Gruppa Skryptonite "Подруги" және Скриптониттің орындауындағы "Океан" танымал әндерін жазуға қатысқан.

Эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 02:30-да көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram