Қазақстандық танымал сазгер Әліби Мәмбетов 57 жасында қайтыс болды, ол "Ғасырдан да ұзақ күн", "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" және өзге де фильмдердің музыкасының авторы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіндегілер растады.

"Сазгер Әліби Мәмбетов дүниеден өтті. Ғазиза Жұбанова мен Әзірбайжан Мәмбетовтің талантты, дара туған ұлы. Өмірінің соңғы жылдарында Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында қызмет етті", - деді ведомстводағылар.
Композитор 15 желтоқсан кешке ұзаққа созылған аурудан қаза тапты.
Министрлік композитордың жақындары мен туыстарында көңіл айтты.
Әліби Әзірбайжанұлы Мәмбетов 1961 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. Өмірінің көп жылында "Қазақфильм" киностудиясында дыбыс режиссері және композитор қызметін атқарды.
Бірінші кезекте "Куклы колдуна" фильміндегі және толық метражды "Қадірдің бақыты" мультфильмдегі жұмыстарымен атағы шықты. Сонымен қатар, Мәмбетов "Қазақстан 1" телеарнасындағы "Ақшам - кешкі жаңалықтар" бағдарламасының және "Хабар" арнасының музыкалық қойылымының авторы ретінде де белгілі.
"Ночной полет", "Волшебный спонсор"көркем фильмінің, "Счастье Кадыра", "Меч победы", "Махамбет", "Плутни Скапена", "Дядя Ваня", "Чайка", "Дос бедел дос", "Укрощение строптивой", "Ғасырдан да ұзақ күн", "Нюрнбергский процесс", "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу", "Біз бесеу едік" спектальдерінің авторы.