Қырғызстандық театр актерлері қазақстандық белгілі жазушы Сәбит Досановтың 1986 жылы Алматыда орын алған желтоқсан оқиғасы туралы жазған пьесасының желісімен "Жанұран" атты спектакль қойды, - деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі.

Спектакль Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрында сәтті сахналанды. Пьессаны Қырғызстандық труппа қойғандықтан спектакль таза қырғыз тілінде орындалды.
Оқиға желісі бойынша спектаклде алғашқы махаббат, бақытты күндер мен Отанға деген сүйіспеншілік белгілері, сөзбен, іспен және қимылдармен қатар беріліп отырды.
Өмірден қыршын кеткен, қайтыс болғаннан кейін "Халық Қаһарманы" атағы берілген Қайрат Рысқұлбеков пен Бақтыбек Нұрматұлының рөлін сомдаған театр әртістері бұл спектаклге аса жоғары жауапкершілікпен келгендерін, берілген нұсқауларды шынайы орындауға тырысқандарын айтты.
"Осы рөл маған жүктелгенде мен интернеттен бірнеше ролик пен фильмдерді көріп, образға жылдам кіруге тырыстым. Мен өзіме жүктелген міндеттерді толық алып шықтым деп ойлаймын", - деді актер.