21 қазан 2021 | 16:18

"Қызылорда Аруы - 2021" анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 жастағы Айсұлу Сағындықова 2021 жылғы Қызылорда аруы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

17 жастағы Айсұлу Сағындықова 2021 жылғы Қызылорда аруы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз "Болашақ" колледжінде оқиды, мамандығы - ағылшын тілі мұғалімі. Оқуды бітірген соң Азаматтық авиация университетіне түсуді жоспарлап отыр.

"Мен бүкіл әлемге саяхаттап, әртүрлі елдің мәдениетімен танысқым келеді. Олардың мәдениетін көрсететін ерекшеліктерін, халқын танығым келеді", - деп бөлісті ол.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

"Анама ризашылығым мол. Ол әрқашан көмектеседі, дос ретінде қолдайды. Ол мейірімді, ақылды және мықты. Мені әрқашан түсінеді. Қазір ол 42 жаста, әкем 44 жаста. Әкем өте сабырлы, көңілді, мейірімді, ақылды адам", - деп бөлісті Айсұлу.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" Екатерина Кужекешова болған еді. "Алматы Аруы - 2021" - Азиза Токашова, "Қарағанды ​​Аруы - 2021" - Анна Глубоковская, "Шымкент Аруы - 2021" Шұғыла Жақсыбекова мен "Семей Аруы - 2021" Регина Крюкова болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети