19 тамыз 2018 | 17:58

Қызылорда облысында 96 жастағы кейуана киіз басып, кілем тоқумен айналысады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздегі ең егде қолөнер шеберінің бірі Сыр өңірінің Жалағаш ауданында тұрады, деп хабарлады "Хабар 24".


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі ең егде қолөнер шеберінің бірі Сыр өңірінің Жалағаш ауданында тұрады, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, 96 жасқа толған кейуана әлі күнге дейін түс киіз басып, кілем тоқудан қол үзбеген. Өтеш Тасжүрекқызы қолөнермен ертеден айналысыпты. Жүннен жіп иіріп, одан түрлі үй жасауларын тоқу арқылы кезінде тұрмыстық керек-жарақты қамтамасыз еткен. Тіпті соғыс жылдары сарбаздарға арнап қолғап, шұлық та дайындады.

"Менің өзімнің әкем мен шешем іскер адам екен. Қанмен келген ғой. Жібінің бәрін иірдім соның. Екі кілем иірдім. Басқұрдың жібінің бәрін иірдім. Төрде екі бау бар, ақ түсті. Соны иіріп өзім тоқыдым. Қай нәрсеге де төзімділік керек қой. Мейлі бақша ек, мейлі үй тік. Содан анау күні шамалы қызанақтың ішіндегіні жұлып едім. Тұла бойым жеп-жеңіл болып, қара тер боп, жақсы боп кеттім. Еңбекқорлықтың пайдасы", - деді Еңбек ардагері Өтеш Тасжүрекқызы.

Кейуана 11 құрсақ көтерген. "Анамыз не істесе де өндіртіп жібереді", деп перзенттері де мақтан тұтады. Расында қара шаңырақтағы бау-бақшаның жайқала өсуі батыр ананың жұмсақ алақаны мен шексіз мейірімінен болса керек. Тіпті Сыр өңіріне жерсіне қоймайтын жаңғақ ағашы да өсіп тұр.

"Мына жаңғақ енді ол грек жаңғағы, үлкен жаңғақ дейді. Бұл жерлерде өсе бермейді енді бұл. Осы анамыздың еңбегі өзінің. 30 жылдан асты еккеніне. Осыны баптап өсіріп, қарағанның арқасында шығып тұр. Осы екінші жыл салуы. Кәдімгі базардағы сатып тұрған жаңғақтардан артық болмаса, кем емес", - деді Мәдениет ауылының тұрғыны Тайжан Маханов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети