27 ақпан 2014 10:53

Қызылорда театрында жастар труппасы жасақталмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театры. ©Нұрғиса Елеубеков Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театры. ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театр жанынан жастар труппасы жасақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мақсатта биыл 15 штат белгіленіп отыр. Қазіргі уақытта оған жас мамандарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темірдің айтуынша, бұл бағытта жергілікті М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж жанынан ашылған актерлік курсты бітірген 11 жасты тарту жоспарланып отыр. Олардың арасынан 5-6 жасты кастинг арқылы жұмысқа алу көзделуде. Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген жастарды да қызметке шақыру ойластырылуда. "Жақында ақпарат және мәдениет министрлігінде өткен кеңесте республикамыздағы әрбір театрдағы спектальдерді сахналауға 2 млн. теңге шамасында қаржы бөлу туралы мәселе көтерілді. Ал өңірлерде ұжымдарға берілетін қаржы көлемі ондаған есе төмен екені сөз болған еді. Қуантарлығы, бізде ондай проблема жоқ. Біз керісінше соңғы жылдарда Түркия мен Ресей секілді елдерге гастрольдік сапармен барып-қайттық. Ал, биыл Грузия мен Өзбекстанға сапарлап қайтсақ деген жоспарымыз бар", - дейді Х.Әмір-Темір.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети