©dw.de
Алдағы уақытта Қызылорда облысы аумағында орналасқан бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік ескерткіштер тізіміне енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғалымдардың айтуынша, олардың жалпы саны 8 ескерткіш. Алдымен оның ішінде "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" күре жолының бойына орын тепкен ескерткіштерді ұсыну мақұлданып отыр. Үстіміздегі жылы Сығанақ қаласы мен Сауысқандық шатқалындағы суреттер кешені мен Жанкент қаласын енгізу жолдары қарастырылуда. Мамандар Сауысқандық шатқалындағы таңбалы тастар қола дәуірінен бері сақталған құнды дүние екенін айтады. Онда жаугершілік заманның бейнелері мен жан-жануарлар бейнеленген. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген Таңбалы тастағы ескерткіштерден ешқандай кем түспейді. Сығанақ қаласының да біздің халқымыздың тарихында алатын орны ерекше. Бұл қала орта ғасырлық қала санатына жатқызылады. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты "Қыпшақ даласының гаваны" деп атағанын жұртшылық жақсы біледі. Ол көне кезеңде қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанақ кезінде Ақорданың астанасы атанған. Сондай-ақ, оғыз мемлекетінің бас шаһарына айналған Жанкент те келешекте бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізіледі деген сенім бар. Орта ғасырда өмір сүрген бұл қала жайлы әлемнің ғалымдары сан алуан мәліметтер жазған. Бұдан бұрын облыс басшылығының қолдауымен Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс жасалған еді. Бүгінгі таңда бұл бағытта нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленіп, ұсынылатын тапсырыс формасы жинақталды. Қорқыт күйлерін орындаушылар тізімі, бейнефильм, фотоматериалдар тиісті орындарға ұсынылған. Қазіргі таңда, елімізде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген 3 ескерткіш бар. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглиф тас кешені, Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен қатар, тізімге енгізуге ұсыныс жасалған тағы да 13 тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштер бар.
Алдағы уақытта Қызылорда облысы аумағында орналасқан бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік ескерткіштер тізіміне енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғалымдардың айтуынша, олардың жалпы саны 8 ескерткіш. Алдымен оның ішінде "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" күре жолының бойына орын тепкен ескерткіштерді ұсыну мақұлданып отыр. Үстіміздегі жылы Сығанақ қаласы мен Сауысқандық шатқалындағы суреттер кешені мен Жанкент қаласын енгізу жолдары қарастырылуда.
Мамандар Сауысқандық шатқалындағы таңбалы тастар қола дәуірінен бері сақталған құнды дүние екенін айтады. Онда жаугершілік заманның бейнелері мен жан-жануарлар бейнеленген. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген Таңбалы тастағы ескерткіштерден ешқандай кем түспейді.
Сығанақ қаласының да біздің халқымыздың тарихында алатын орны ерекше. Бұл қала орта ғасырлық қала санатына жатқызылады. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты "Қыпшақ даласының гаваны" деп атағанын жұртшылық жақсы біледі. Ол көне кезеңде қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанақ кезінде Ақорданың астанасы атанған.
Сондай-ақ, оғыз мемлекетінің бас шаһарына айналған Жанкент те келешекте бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізіледі деген сенім бар. Орта ғасырда өмір сүрген бұл қала жайлы әлемнің ғалымдары сан алуан мәліметтер жазған.
Бұдан бұрын облыс басшылығының қолдауымен Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс жасалған еді. Бүгінгі таңда бұл бағытта нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленіп, ұсынылатын тапсырыс формасы жинақталды. Қорқыт күйлерін орындаушылар тізімі, бейнефильм, фотоматериалдар тиісті орындарға ұсынылған.
Қазіргі таңда, елімізде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген 3 ескерткіш бар. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглиф тас кешені, Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен қатар, тізімге енгізуге ұсыныс жасалған тағы да 13 тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштер бар.