26 қазан 2014 21:49

Мәскеуде Юрий Никулиннің әйелі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татьяна мен Юрий Никулин. Фото phenomenonsofhistory.com сайтынан Татьяна мен Юрий Никулин. Фото phenomenonsofhistory.com сайтынан

"Белгілі актер Юрий Никулиннің әйелі, Цирк және кино әртісі Татьяна Никулина 86 жасында қайтыс болды", -  деп хабарлайды Life News.


"Белгілі актер Юрий Никулиннің әйелі, Цирк және кино әртісі Татьяна Никулина 86 жасында қайтыс болды", -  деп хабарлайды Life News.

Басылым таратқан мәліметке қарағанда, Юрий Никулиннің әйелінің науқастанып жатқанына көп болса керек. Осыдан біраз уақыт бұрын инсульт алған да екен.

Таңғы алтылар шамасында халі нашарлаған марқұмның туысқандары жедел жәрдем шақырған, алайда оны ажалдан құтқарып қалу мүмкін болмапты. Анасының қазасы жайында оның ұлы – мәскеулік бір Цирктің директоры Максим Никулин хабарлаған.

Юрий Никулин мен Татьяна Никулина 50 жылдай бірге тұрған. Никулинамен қоштасу рәсімі 28 қазан күні "Цветной бульвардағы" Циркте өтеді.

Татьяна Никулинаның туған жері – Мәскеу қаласы, туған күні 1929 жылдың 14 желтоқсан айы. 1951 жылдан бастап 1981 жылға дейін "Цветной бульвардағы" Циркте жұмыс істеген. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін аталмыш Циркте шығармашылық мәселелер жөнінен кеңесші болып қызмет еткен. 2002 жылы ол Құрмет орденімен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети