07 шілде 2019 16:13

Нұр-Сұлтанда Ұлттық Домбыра күніне мыңға жуық адам қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 7 шіледе, Нұр-Сұлтанда Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.


Бүгін, 7 шіледе, Нұр-Сұлтанда Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Биыл "Қазақ Елі" монументінің жанындағы алаңға халық күйлерін орындау үшін мыңға жуық адам жиналды. Шараға қатысушылардың жасы бойынша шектеу қойылмады. Сахна төрінде "Сарыарқа", "Адай", "Әлқисса", "Көңіл толқыны", "Балбырауын" және "Көрғұлы" күйлері орындалды.

Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет - Тоқаев

Бүгінгі шараға Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Айгүл Қосанова, Клара Төленбаева және басқа да мәдениет қайраткерлері атсатысты. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Айтқали Жайымов, Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов және т.б. импровизациялық оркестрге дирижерлік етті.

Концерттік бағдарлама аясында жиналған қауым күй тыңдап қана қоймай, елордалық музыка мектептерінің шәкірттерінің өнерін, "Жастар" театрының тарихи қойылымын тамашалады, сондай-ақ ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұдан басқа, "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда тігілген киіз үйлерде этнографиялық музей ашылды. Танымал күйшілердің домбыраларының экспозициясы, ҚР танымал ұлттық музыка аспаптарын дайындайтын шеберлердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, жартылай киіз үйлерде ұлттық аспаптармен және оларды жасау технологияларымен танысу мүмкіндігі жасалды.

Айта кетейік, Домбыра күні мерекесі бүгін кешке Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда "Нағыз қазақ – домбыра" концертімен жалғасады. Көрермендер Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінің, солистерінің және вокалистерінің өнерін тамашалайтын болады. Концерттің басталуы сағат 17:00, кіру - тегін.

Ұлттық домбыра күні елордамызда осымен екінші мәрте аталып өтілді. Бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті Нұрслұтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген болатын. Мұндай мерекенің күнтізбеден орын алуы барша қазақ халқы үшін елеулі әрі тарихи оқиға.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети