Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Омбы қаласында өзінің киізден жасалған пейзаж картиналарын көрмеге қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көрме Омбы қаласындағы Пушкин атындағы орталық кітапхананың көрме залында өтіп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Сәулет және дизайн" кафедрасының оқытушысы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Майса Ықыласованың көрмесіне "Менің Қазақстаным" деп аталған киіз пейзаждар топтамасы мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Мұқағали" топтамасы бойынша графикалық туындылар қойылды. Көрмеде барлығы 30 туынды ел назарына ұсынылды.
Майра Ықыласованың айтуынша, жеке көрмені өткізуге Сібірдегі қазақ мәдениет орталығының төрайымы Алтынай Жүнісова көмектескен.
Айта кетейік, бұл көрмеге Омбы суретшілер институтының директоры, Ресей суретшілер одағының мүшесі Қайыртай Әмірғазин, омбылық суретші Аманкелді Шәкенов пен Омбыдағы Қазақстан консулы Эльдар Қонаев қатысып, Ықыласоваға алғысхат табыс етті. Ол шара барысында сурет өнерінің әуесқойларына арнап мастер-класс өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәскеу метросында EXPO-2017 көрмесін насихаттау мақсатында "Беймәлім Қазақстан" фотокөрмесі өткені туралы хабарланған болатын. Фотокөрмеге қойылған мақалалар мен очерктерге қажетті фото және бейне материалдарды алу үшін шығармашылық жобаға қатысушылар екі жыл ішінде Қазақстанның қорықтары мен тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырған.