"Оскар" иеленген актриса Хилари Суонк дизайнер болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оскар" иеленген актриса Хилари Суонк дизайнер болды © artidea.org.ua

Америкалық актриса және "Оскар" жүлдесінің иегері Хилари Суонк жеке киімдер топтамасын шығарды. Бұл туралы 18 қазан күні Lenta.ru порталы Vogue басылымына сілтеме жасап хабарлап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық актриса және "Оскар" жүлдесінің иегері Хилари Суонк жеке киімдер топтамасын шығарды. Бұл туралы 18 қазан күні Lenta.ru порталы Vogue басылымына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Mission Statement атымен шыққан топтамаға спортпен айналысуға да келетін күнделікті киімдер енді. Соның ішінде, көйлектер, кашемир күртешелер, былғарыдан тігілкен курткалар, іші мамық сырт киімдер мен шалбарлар. Киім бағасы 126 доллардан басталады.

"Маған кашемир керек болды, бірақ, жаттығу кезінде немесе одан кейін киетін. Мен ондай материал таптым, кез келген жууға да, терінің сіңуіне де шыдайтын, - дейді Суонк.

Тағы бір голливудтық актриса Гвинет Пэлтроу сән индустриясын бағындырып жүр. 2016 жылдың қыркүйек айында ол Goop атты брендпен алғашқы топтамасын ұсынған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети