16 қараша 2014 | 16:38

Өскеменде өткен айтыста бас жүлдені Балғынбек Имашев жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kazaitys.kz сайтынан Фото kazaitys.kz сайтынан

 Өскеменде "Нұр Отан" партиясы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Алтайым - алтын бесігім" атты республикалық айтыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz kazaitys.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

 Өскеменде "Нұр Отан" партиясы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Алтайым - алтын бесігім" атты республикалық айтыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz kazaitys.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның қорытындысы бойынша үшінші ороынға Нұрлан Мұсаев ие болып, 750 000 теңге сыйақыға ие болды.
"Екінші орын мен Бірінші орынның жүлдесі теңдей бөлініп (1 250 000), Мұхтар Ниязов пен Айнұр Тұрсынбаеваға берілді", - деп жазады аталмыш басылым.

Ал бас жүлдеге және 2 000 000 теңге сыйақыға Балғынбек Имашев қол жеткізген. Сондай-ақ Шығыстағы аталмыш айтысқа қатысқан әрбір ақынға 350 000 теңгеден сыйлық берілген.

"Ақындар мен жыршы-термешілердің" халықаралық одағының 100 000 теңге көлеміндегі арнайы сыйлығын Жүрсін Ерман ағамыз Серік Қуанғанға табыстапты.

"Айтыс соңында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Жүрсін Ерман, Бекболат Тілеухан, Көпен Әмірбек, Оразгүл Асанғазықызы, Мұхамеджан Тазабекке шапан жапты", - де жазады kazaitys.kz сайты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети