"Осы Оскарыңыз болсын". Киногерлер Асанәлі Әшімовке ерекше сый жасады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Осы Оскарыңыз болсын". Киногерлер Асанәлі Әшімовке ерекше сый жасады Сурет: kazakhfilmstudios.kz

8 мамырда театр және кино саласының саңлағы Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды. Осыған орай "Қазақфильм" киностудиясында салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 мамырда театр және кино саласының саңлағы Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды. Осыған орай "Қазақфильм" киностудиясында салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шарада актерге киностудия өкілдері түрлі сыйлық жасады. Оның ішінде Асанәлі Әшімовтің фильмдері жиналған флешка бар. Сыйлық сырты кітап тәріздес жасалған. 

Кейін Ақан Сатаев "өмірде де, өнерде де аттан түспеңіз" дей келе киногерлердің атынан асылтұқымды тұлпар сыйлады. 

"Арабтың үш жасар арғымағы. Есімі - Оскар. Осы Оскарыңыз болсын. Бізге жол сілтеп, үлгі көрсетіп жүре беріңіз", - деді режиссер. 

Асанәлі Әшімов - Кеңес Одағының және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері. Оның кинодағы Бекежан ("Қыз Жібек" фильмі), Шадияров ("Атаманның ақыры"), Мәмбет ("Сарқырама"), Қасымханов ("Транссібір экспресі)", Кемел ("Нан дәмі"), Нұрғазы ("Алатаудың ай мүйізі"), Қаражал ("Жаушы"), Шыңғыс хан ("Бұлғар даласынан ескен жылы жел") рольдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Асанәлі Әшімов режиссер ретінде кең танымал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети