Фото Tengrinews.kz
Петропавл тұрғыны апельсин, жүзім және грейпфруттан аққу жасап, оны Наурыз мейрамына тарту етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аспаз әрі жеміс-жидектен көркем дүние туындату шебері Руслан Рахматулин еліміздің дәстүрлі мерекесінің салтанатты дастарқанына махаббат символын танытушы құсты әзірлепті. Жалпы, жеміс-жидектен жасалған аққуға 3 келі апельсин мен жүзім, сондай-ақ сол көлемде грейпфрут кеткен. Құстың бітімін ұстап тұрған материалдар - жылтыр жапсырма, пенопласт, жұқалтыр. Жеміс-жидектен жасалған аққуды мейманхана көрмесіне апарып қойған, кейіннен ол мейрам құрметіне қонақтардың дәм татуына ұсынылған. Ең алғаш аспаз пышағына көкөністер түскен екен, білігін арттыра келе Руслан қарбызға да жетіпті. Бес-алты тілімді тілгілеп көрген соң ол қарбызбен жұмыс істеу оңай екенін ұққан. "Мен алғаш рет қарбыздан көркем дүние тудырдым, оны әдемілеп ойдағы дүниеге сай тілгілеу үшін қаншама төзім мен сабырдың керектігін білсеңіздер ғой. Қазір еш қиналмастан бес-алты сағат отырсам да жұмысымды істей беремін" - дейді карвинг шебері Руслан Рахматулин.
Петропавл тұрғыны апельсин, жүзім және грейпфруттан аққу жасап, оны Наурыз мейрамына тарту етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аспаз әрі жеміс-жидектен көркем дүние туындату шебері Руслан Рахматулин еліміздің дәстүрлі мерекесінің салтанатты дастарқанына махаббат символын танытушы құсты әзірлепті. Жалпы, жеміс-жидектен жасалған аққуға 3 келі апельсин мен жүзім, сондай-ақ сол көлемде грейпфрут кеткен. Құстың бітімін ұстап тұрған материалдар - жылтыр жапсырма, пенопласт, жұқалтыр. Жеміс-жидектен жасалған аққуды мейманхана көрмесіне апарып қойған, кейіннен ол мейрам құрметіне қонақтардың дәм татуына ұсынылған.
Ең алғаш аспаз пышағына көкөністер түскен екен, білігін арттыра келе Руслан қарбызға да жетіпті. Бес-алты тілімді тілгілеп көрген соң ол қарбызбен жұмыс істеу оңай екенін ұққан. "Мен алғаш рет қарбыздан көркем дүние тудырдым, оны әдемілеп ойдағы дүниеге сай тілгілеу үшін қаншама төзім мен сабырдың керектігін білсеңіздер ғой. Қазір еш қиналмастан бес-алты сағат отырсам да жұмысымды істей беремін" - дейді карвинг шебері Руслан Рахматулин.