Пикассо салған картинаның жұмбағы ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© AGO © AGO

Жаңа технологиялардың көмегімен Пабло Пикассоның "Нищенка, сидящая на корточках" атты туындысын 90 градусқа айналдырса өзге бір суретші салған таудың пейзажы көрінеді, - деп хабарлайды Science.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа технологиялардың көмегімен Пабло Пикассоның "Нищенка, сидящая на корточках" атты туындысын 90 градусқа айналдырса өзге бір суретші салған таудың пейзажы көрінеді, - деп хабарлайды Science.

Пикассоның бұл картинаны өзге бір суретшінің туындысының үстіне салғаны 1992 жылы анық болған, алайда тек қазір ғалымдар онда ненің бейнеленгенін анықтапты. 

Бастапқыда Барселонадан шыққан белгісіз суретші кенепке тауды салған. Кейін Пикассо оның үстіне "Нищенка, сидящая на корточках" атты туындысын салған. Ғалымдардың пайымынша, ол картинаны 90 градусқа айналдырып, таудың қыртысын әйелдің сұлбасы ретінде көрсеткен. Сондай-ақ, Пикассо әйелді нан ұстап отырған қалпында салған, бірақ кейін бұл элементті алып тастап, қолын киіміне жасырған.  

Бұл жаңалық "Пикассоның миына кіріп, жұмыс барысында қандай шешім жасағанын білуге болады" дейді Иллинойс (АҚШ) штатындағы Солтүстік-Батыс университетінің ғалымы Марк Уолтон.  

"Ол осы элементті жасау үшін еңбектенген, алайда кейін оны алып тастауды ұйғарған", - дейді Уолтон әйелдің қолы неге көрсетілмегенін түсіндіре отырып. Ал бояудың қабаттарын ашуға ғалымдар рентгенфлуоресцент сараптамасын қолданған. Мұндай технология картинаның әр бөлігінде қандай химиялық элемент жатқанын, бояудың қабаттарын анықтап береді екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro