Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұлттық стильде 55 жейде шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұлттық стильде 55 жейде шығарылды ©Аңсаған Мұстафа

Қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафа Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында берген уәдесінде тұрды. Егер жазбасы 550 лайк жинаса, суретші 55 жейдеге ұлттық нақыштағы 55 түрлі сурет салып шығаратынын мәлімдеген болатын. Бүгінге дейін суретшінің жазбасы 1100-ден астам лайк жинады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафа Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында берген уәдесінде тұрды. Егер жазбасы 550 лайк жинаса, суретші 55 жейдеге ұлттық нақыштағы 55 түрлі сурет салып шығаратынын мәлімдеген болатын. Бүгінге дейін суретшінің жазбасы 1100-ден астам лайк жинады.

Бұл туындыларын Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған автор осы орайда бүгін, 12 мамырда Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінде арнайы көрме өткізді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Оның айтуынша, ақ жейделер мен оларға салынған сурет бояуларына қаражатты ол өз қалтасынан шығарған. "Бұны жасаған себебім осы жылы Қазақ хандығына 550 жыл толады деген жаңалықты естіп қуанғаннан басталды! Жаңалық жақты!", - деді ол. Айта кетейік, көрмеде қойылған футболка шарада бірігіп би билеген жастарға сыйға тартылды. Шараға қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, "Жайдарман" көңілді тапқырлар сайысы бағдарламасының жүргізушісі Есен Елеукен, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов сияқты танымал адамдар қатысты. 

 

Арнайы дайындалған жейделерде қазақ ұлтының тарихындағы белгілі адамдар, тарихи ескерткіштер, түрлі тарихи оқиғаларға байланысты көріністер, Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы, балбал тастар, бөрі және "Қазақ хандығына 550 жыл" жазулары салынған.

Айта кетейік, Аңсаған Мұстафа осыған дейін де маңызды шараларға байланысты өз суреттерін таныстырған болатын. Мәселен, балаларға арналған жаңа әліппе ұсынған еді. Бұдан кейін суретшінің "сөйлейтін суреттері" Алматы метросына қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети