Қазақстан тумасы Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 титулын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан тумасы Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 титулын жеңіп алды © JimLee

Қазақстан тумасы Жанна Стинсон (Досмұхамбетова) Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 титулын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, байқау 28 мамыр күні АҚШ-та өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан тумасы Жанна Стинсон (Досмұхамбетова) Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 титулын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, байқау 28 мамыр күні АҚШ-та өтті.

Жанна Стинсон сұлулық байқауында осымен екінші рет бағын сынап отыр. "2014 жылы Ms.&Mrs.Asia USA байқауына қатысып, екінші орын алдым. Үздік бестікке енген қатысушылар осыған ұқсас басқа да байқауларға шақырту алып тұрады. Көп жағдайда бас тартамын. Бұл жолы да солай болды. Алғашында бас тарттым, кейін достарым мен ұжымдастарым қатысуға көндірді. (...) Бұл байқау өзімді манекенші ретінде сезінуіме көмектесті. Өзімді 20 жастағы қыз сияқты сезіндім", - деді ол.

Жанна Ақтау қаласында өмірге келген. АҚШ-қа 16 жыл бұрын көшіп кеткен ол қазір Калифорния штатында тұрады. Тұрмыс құрған, 15 жастағы ұлы бар. Бос уақытында өзінің On the Planet of Culture with Shanna атты ТВ-бағдарламасымен айналысады. Калифорния өңірлерінде трансляцияланатын бұл бағдарламада Жанна әлем халқының дәстүрлері, тарихы мен мәдениеті жөнінде айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети