Қазақстандық биші ТНТ арнасындағы "Танцы" шоуының үшінші маусымында жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық биші ТНТ арнасындағы "Танцы" шоуының үшінші маусымында жеңіске жетті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласынан шыққан биші Дмитрий Щебет ТНТ арнасындағы белгілі "Танцы" шоуының үшінші маусымында жеңіске жетіп, үш миллион рубль алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дмитрийдің жеңісі ресми түрде сенбіде, 24 желтоқсанда бағдарламаның эфирінде жарияланады. Алайда қазақстандықтың достары мен жанкүйерлері әлеуметтік желілерде оған құттықтау сөздер жазып жатыр. Кейбір қолданушылардың айтуынша, көрермендер жігітке анасына үй сатып алып бермекші екенін білген соң дауыс берген.

24 жастағы биші бағдарламаның үшінші маусымында барлық кезеңнен өтіп, тәлімгер Мигельдің командасына барған.

© instagram.com/shebet_dmitrii

Дмитрий Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан облыстық өнер колледжін бітірген. Брейк-данспен айналысып жүргеніне 10 жыл болыпты. Түрлі бағыттарда би билейді. Ол 2013 жылы украиналық "Танцуют все!" бағдарламасына қатысып, жүлделі үшінші орын алған кезінде танымал болған еді. Содан кейін бірнеше клипте түсіп, қалаларда шеберлік дәрістерін өткізіп жүрген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети