Қазақстанның тумасы Германияда ең үздік жас актер деп танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның тумасы Германияда ең үздік жас актер деп танылды Дмитрий Шаад. Фото rbb-online.de сайтынан алынды

Қазақстанның тумасы Дмитрий Шаад Германияда "ең үздік жас актер" деп танылды. Бұл туралы сыншылардың көзқарасын, өзіндік ойын талқыға салып отыратын беделді неміс журналы Theater heut жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір жас актер  Берлиндегі Максим Горкий атындағы театрда ойнайды. Theater heut басылымы өткен театр маусымында бұл өнер ордасын "Жыл театры" деп бағалаған.

27 жастағы актер Алматы облысына қарасты Қаскелеңде дүниеге келген. Ол сегіз жасқа толғанда ата-анасы Германияға қоныс аударып, актер мұнда Август Эвердинг атындағы Баварский театр академиясын тәмамдайды. Өзінің жас екеніне қарамастан Дмитрий Шаад Германияның бірнеше театрында жұмыс істеп үлгерген. Ол Германия театрлары сахналаған "Ромео-Джульетта", "Гамлет", "Догвилль", "Билли" сияқты көптеген қойылымдарда басты рөлдерде ойнаған.

Германиядағы "Шаушпильхауз" театры 2011 жылы режиссер Жана Клаттың "Америка" қойылымындағы рөлін сәтті ойнап шыққаны үшін оны бас жүлдемен марапаттаған болатын. Жас актер жұмыс істейтін Берлиндегі Максим Горкий театры жуырда "Эротикалық дағдарыс" қойылымын сахналады. Бұл қойылым арқылы театр халық арасында бір жаңалық, эпатаж тудырмақ болған. Бірақ сыншылардың айтуына қарағанда, олай істеу театр труппасының қолынан келмеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети