Қырғызстандық театр Желтоқсан оқиғасы туралы пьесаны сахналады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандық театр Желтоқсан оқиғасы туралы пьесаны сахналады "Жанұран" спектаклінен үзінді. Көрініс "Жетінші арнадан" алынды

Қырғызстандық театр актерлері қазақстандық белгілі жазушы Сәбит Досановтың 1986 жылы Алматыда орын алған желтоқсан оқиғасы туралы жазған пьесасының желісімен "Жанұран" атты спектакль қойды, - деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандық театр актерлері қазақстандық белгілі жазушы Сәбит Досановтың 1986 жылы Алматыда орын алған желтоқсан оқиғасы туралы жазған пьесасының желісімен "Жанұран" атты спектакль қойды, - деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі. 

Спектакль Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрында сәтті сахналанды. Пьессаны Қырғызстандық труппа қойғандықтан спектакль таза қырғыз тілінде орындалды.

Оқиға желісі бойынша спектаклде алғашқы махаббат, бақытты күндер мен Отанға деген сүйіспеншілік белгілері, сөзбен, іспен және қимылдармен қатар беріліп отырды. 

Өмірден қыршын кеткен, қайтыс болғаннан кейін "Халық Қаһарманы" атағы берілген Қайрат Рысқұлбеков пен Бақтыбек Нұрматұлының рөлін сомдаған театр әртістері бұл спектаклге аса жоғары жауапкершілікпен келгендерін, берілген нұсқауларды шынайы орындауға тырысқандарын айтты. 

"Осы рөл маған жүктелгенде мен интернеттен бірнеше ролик пен фильмдерді көріп, образға жылдам кіруге тырыстым. Мен өзіме жүктелген міндеттерді толық алып шықтым деп ойлаймын", - деді актер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети