26 қыркүйек 2019 | 12:59

Республикалық театр фестивалінің үздіктері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған XXVII Республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған XXVII Республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мәдениет және спорт министірлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының  ұйымдастыруымен 6 күн бойы елімізге танымал  12 театр  ұжымы үздік қойылымдарын сахналап, дүйім көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.  

"Осыдан бір апта бұрын Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар кездесіп, тәжірибелерін ортаға салып, фестиваліміздің салтанатты ашылуы өткен еді. Қай кезде де қоштасу қиын. Бүгін міне, кілең мықтылардың ішінен ойып тұрып орын алған үздіктерді анықтайтын боламыз. Осындай фестивальдар әр өнер иесінің тұлғалық дамуына және өсуіне әсер етеді. Әлі талай театр мерекесінде кездесетін  боламыз", - деді Қазақстанның Еңбек Ері,  КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан театрлары ассоциациясының Президенті, театр және кино актері, профессор Асанәлі Әшімов.

Шара барысында Әмина Өмірзақованың сахнада ойнаған 30 рөлінен үзінді қойылып, қысқаша өмірбаяны баяндалды.

"Ұлы даланың ұлы есіміне айналған жерлесіміз, Әмина анамыздың 100 жылдығына орай Асанәлі Әшімов бастап келген барша өнер майталмандарына зор алғыс білдіремін. Әрдайым елге қызмет етіп, тек өнердің биігінен көрінулеріңізге тілектеспін", - деп құттықтау лебізін білдірген Шығыс Қазақстан облысы аппаратының басшысы Азамат Маратұлы, ШҚО облысы әкімі атынан әділ қазылар алқасына құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтарын табыс етті.

Өнерпаздар мен өнер ұжымдары 13 аталым және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.

"Үздік көркемдік  шешім" номинациясы бойынша Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры "Періште" спектаклі үшін;

"Үздік режиссура" номинациясы бойынша "Жан дауысы"  спектаклі үшін Фархат Молдағали;

"Әмина Өмірзақова атындағы "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясы бойынша "Ләйлі-Мәжнүн"  спектакліндегі "Ләйлінің анасы және кемпір" рольдері үшін Ботагөз Мақсұтова;

 "Үздік ер адам бейнесі" номинациясы бойынша "Әлиханның аманаты" спектакліндегі "Әлихан" ролі үшін Медғат Өмірәлиев;

"Қазақстанның театр өнеріне қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша "Абай" спектакліндегі "Абай" ролі үшін Бақытбек Темірбеков;

"Үздік актерлік ансамбль" номинациясы бойынша М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры "Евгений Онегин" спектаклі;

"Тарихи тақырыпты игерудегі ізденістері үшін" номинациясы бойынша Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры "Ахметтің аманаты" спектаклі;

"Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі" номинациясы бойынша "Қанды азу" спектакліндегі "Бораш" ролі үшін Елдос Масалимов;

"Ең үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі" номинациясы бойынша "Театр 180º" спектакліндегі "Дотти" ролі үшін Гүлмира Жакилина;

"Үміт" номинациясы бойынша "Балалық шаққа саяхат" спектаклінің режиссері Жангелді Садықов;

 "Үздік дебют" номинациясы бойынша "Театр 180º" спектаклі үшін Nomad театры;

"Шығармашылық жетістіктері үшін" номинациясы бойынша "Дауыс. Дау іс" спектаклі, "Дариға-ай" жастар театры  марапатталды;

Ал, "Ең үздік спектакль" номинациясы  Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры "Адам-зат" спектаклі үшін берілді. Жүлде қоры 1,500 000 теңге.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің  жүлде қоры 1,000 000 теңгені құрайтын арнайы жүлдесі "Дариға-ай" жастар театрына табысталды.  

Айта кетейік, осындай ауқымды шараның Семейде өтуі заңдылық. Себебі, елімізде алғашқы театр өнерінің шымылдығы түрілген рухани астанасы саналады. Сонымен қатар, Семей қаласы театр өнерін дамытып, талай өнерпаз театр саңлақтарын ұшырған қасиетті мекен.

Кеңес дәуірінде де еліміздің егемендік алған жылдары да Семей қаласында осындай ауқымды республикалық театр фестивалі тұңғыш рет өтуде. Алдағы уақытта осындай шаралар қанатын кеңге жайып, әр өнер сүйер қауымды ерекше қойылымдармен тәнті етері сөзсіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети