Роза Рымбаева мен Анатолий Цой ресейлік шоуда бірге ән айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роза Рымбаева мен Анатолий Цой ресейлік шоуда бірге ән айтты Видеодан алынған кадр

Халық әртісі Роза Рымбаева "Россия 1" арнасындағы жаңа "Дуэты" шоуында Анатолий Цоймен өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халық әртісі Роза Рымбаева "Россия 1" арнасындағы жаңа "Дуэты" шоуында Анатолий Цоймен өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобада танымал әртістер сүйікті хиттарын орындайды, бірақ олар кіммен бірге ән орындап жатқанын білмейді. Себебі әнді орындау кезінде олардың дауыстары бір-біріне өзгертіліп естіледі. Қатысушылар өз серіктесін қойылымның соңында бір-ақ көреді.

Роза Қуанышқызы сахнаға шықпас бұрын қатты қобалжығанын жасырмады. Кіммен бірге ән айтатынын білмегендіктен, ұятқа қаламын деп қорықты. 

"Сахна сыртында серіктесім кім болар екен, бір-бірімізге сәйкес келеміз бе деген уайым болды. Бірақ біз кәсіпқой әншіміз, осы саланың маманымыз. Сондықтан кез келген жағдайда жоғары деңгейде орындап шығатынымызға сендім", – деді ол. 

Роза Қуанышқызы Анатолийдің өнерін жоғары бағалап: 

"Ол менің тонымнан бір октава жоғары айтты. Мен есеңгіреп қалдым. Браво, балақай!" – деді. 

Сахнада олар аңызға айналған "Любовь настала" композициясын орындады. Халық әртісі мен MBand тобының экс-солисі Анатолий Цойдың өнер көрсетуі күтпеген жағдай болды.

"Міне, тосынсый! Күтпедім. Бұл әнді, Роза Қуанышқызын, тіпті бұл кісінің балаларын бала кезімнен білемін. Кішкентай кезімнен Роза Қуанышқызының фанатымын. Ол кісімен бірге ән айтуды армандап келдім", – деп эмоциясын жасыра алмады. 

Шоуды Николай Басков пен Сергей Лазарев жүргізді.

"Қазақстанда талантты әртістер көп. Кеңес Одағынан бастап қазірге дейін дарынды, талантты әртістер шығарған елге жалынды сәлем жолдаймыз", - деді Басков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети