18 қаңтар 2017 17:57

Сахна саңлағы Мәкіл Құланбаевтың еске алу кеші өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәкіл Құланбаев Мәкіл Құланбаев

Биыл ҚР еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сахна саңлағы Мәкіл Құланбаев тірі болса 90 жасқа келер еді. Өнерлі актер өзінің шығармашылық өнер жолында екі жүзден астам рөлдерде ойнаған.


Биыл ҚР еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сахна саңлағы Мәкіл Құланбаев тірі болса 90 жасқа келер еді. Өнерлі актер өзінің шығармашылық өнер жолында екі жүзден астам рөлдерде ойнаған.

Театр саңлағы болған ағамыз 1993 жылы тамыздың 28-де, 67 жасына қараған шағында дүниеден озған еді. Осыған байланысты 2017 жылдың 24 қаңтарында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Мәкіл Құланбаевтың 90 жас еске алу кеші өтеді. Кеш 16.00-де басталады.

Құланбаев Мәкіл Иманәліұлы 1926 жылы 22 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы қазіргі Қаскелең қаласында дүниеге келген.

1941-1945 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр училищесінің актер мамандығын тәмамдап,1945-1948 жылдары алғашқы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы облыстық музыкалық драма театрында алғашқы еңбек жолын бастайды. 1948 жылы жаңадан ашылған Қазақтың мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына ауысады.

Құланбаев театрда еңбек еткен жылдары Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов, М.Ақынжанов, С.Мұқанов, Б.Майлін, Ә.Тәжібаев Т.Ахтанов сияқты белгілі қазақ классиктері және Ф.Шиллер, Ж.Мольер сияқты шетелдің танымал жазушыларының белгілі шығармаларының кейіпкерлерін сомдаған.

Айта берсек әрқайсысы бір-бір биік, кесек-кесек бейнелер әлемі, Мәкіл Құланбаевтың өз халқына сіңірген адал еңбегінің, ұлағатты ғұмырының белгісі. Ол Қазақстан мен Орта Азия, "Ленинфильм", "Мосфильм" киностудияларында 70-ке тарта рөлдер ойнаса, дубляж, телефильм, радиохабарлар жасаудағы еңбегінің өзі бір төбе. Киносаласында да түскен фильмдері баршылық. Солардың бірнешеуін атап өтетін болсақ: 1940 жылы "Райхан" - Бала, 1963 жылы "Менің атым Қожа" - Қаратай, "Жоғалған дос" - Естемесов, "Балалық шаққа саяхат" - Ыдырыс, "Алпамыс мектепке барады" - Атасы сияқты бірнеше фильмдерде бейнелер сомдаған дара актер.

Сахна саңлағы 1971 жылы "Құрмет белгісі" орденімен, 1975 жылы Қазақстан Жоғарғы кеңесінің "Құрмет" грамотасымен, 1976 жылы Қазақстан Жастар Одағы "Құрмет" грамотасы және көптеген медальдармен марапатталды.

Ал 1977 жылы "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі" атағы берілді. 1984 жылы "Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты" атанды. Сонымен қатар радиодан ертегі тыңдап өскен ұрпақтың жадында Мәкіл Құланбаевтың дыбыстаған ертедегі Ерден ата мен Жұмбақбай атаның даусы сақтаулы. 

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік
академиялық балалар мен жасөспірімдер
театрының мұражай қызметкері,
театртанушы Гүлназ Теменова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети