02 қараша 2016 | 13:14

Салықты өз уақытында төлеп тұратын қазақстандық шоу-бизнес өкілдері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Салық қызметі органының өкілдері салықты дұрыс төлейтінін қазақстандық жұлдыздарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Салық қызметі органының өкілдері салықты дұрыс төлейтінін қазақстандық жұлдыздарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметінше, Қазақстанда концерттік және демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыру түрлерімен айналысатын 4 921 жеке тұлға, 2 029 заңды тұлға тіркелеген.

2015 жылы осы бағытта жұмыс істейтіндерден бюджетке 520 миллион 7 88 мың 581 теңге, ал 2016 жылы 470 миллион 775 мың 47 теңге түскен.

Олардан 443 адам жеке кәсіпкер, 213 адам заңды тұлға. Соңғы екі жылда салықты тұрақты төлеп тұрғандар - Айқын Төлепберген, Алмас Кішкенбаев және Дәуіт Шайхисламов екен. 2016 жылы олардың қатарына Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) қосылды.

Ал салықты Астанада тұрақты төлеп тұратындар Ерлан Көкеев, Жания Журинская мен Қайрат Баекенов. Соңғы кезде бұл тізімге Айбек Жансейітов (Бүркіт), Дильназ Ахмадиева және Әли Оқапов тіркелді.

Былтыр ең үлкен салық төлегендер Роза Рымбаева, Дәуіт Шайхисламов және Лидия Досалина (Лидо), ал ағымдағы жылы - Бахтияр Мамедов (Jah Khalib), Дәуіт Шайхисламов пен Айқын Төлепберген болған екен.

Еске салайық, 2016 жылы салық төлемейтін отандық жұлдыздардың тізімі жарияланған болатын.
БАҚ беттеріне жария болып, мемлекеттік салық департаменті өткізген түсіндіру жұмыстарынан кейін кейбір қазақстандық шоу-бизнес өкілдері салық органдарына тіркелген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети