"Қозы Корпеш – Баян сұлу" спектакліне есту қабілеті нашар балалар шақырылды. Tengrinews.kz
Семей қаласындағы драма театрында алғаш рет сурдоаудармасы бар спектакль көрсетілді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Кедергісіз театр" жобасының жүзеге асуына БҰҰ ұйытқы болды. Сахнаға мониторлар орнатылды, ал сахна сыртына тифлокомментаторларға арналған құрылғылар қойылды. "Алдағы уақытта барлық мерекелік іс-шаралар, концерттер, спектакльдер телевизиялық мониторлар арқылы ым-ишарат тілінде көрсетіледі", – деді Қазақстандағы БҰҰ жобасының менеджері Рауан Қалиев. Таяуда мамандар бұл жобаның қалай жұмыс істейтінін сынап көрді. "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" спектакліне есту қабілеті нашар балалар шақырылды. Балалар алғаш рет сахнада не туралы айтылып жатқанын түсініп, ерекше әсер алды. Семейде есту қабілеті нашар 2 мыңға жуық тұрғын бар. Сондай-ақ Қалиевтың айтуынша, "Кедергісіз театр" жобасының аясында Семейдегі драма театрдың мүгедек көрермендері үшін арнайы креслолар да қарастырылған.
Семей қаласындағы драма театрында алғаш рет сурдоаудармасы бар спектакль көрсетілді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Кедергісіз театр" жобасының жүзеге асуына БҰҰ ұйытқы болды. Сахнаға мониторлар орнатылды, ал сахна сыртына тифлокомментаторларға арналған құрылғылар қойылды. "Алдағы уақытта барлық мерекелік іс-шаралар, концерттер, спектакльдер телевизиялық мониторлар арқылы ым-ишарат тілінде көрсетіледі", – деді Қазақстандағы БҰҰ жобасының менеджері Рауан Қалиев.
Таяуда мамандар бұл жобаның қалай жұмыс істейтінін сынап көрді. "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" спектакліне есту қабілеті нашар балалар шақырылды. Балалар алғаш рет сахнада не туралы айтылып жатқанын түсініп, ерекше әсер алды. Семейде есту қабілеті нашар 2 мыңға жуық тұрғын бар. Сондай-ақ Қалиевтың айтуынша, "Кедергісіз театр" жобасының аясында Семейдегі драма театрдың мүгедек көрермендері үшін арнайы креслолар да қарастырылған.