Dombyra party - non stop акциясы барысында жүзден аса домбырашылар 24 сағат бойы күй орындайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, домбырашылар марафонын өткізуі жоспары кездейсоқ пайда болған. Бұл ойды тек мәдениет саласының өкілдері ғана емес жергілікті орындаушы органдар да қолдаған.

"Домбыра - ерекше аспап, бұл ұлттық мұра. Біз жастардың арасында домбыраға қызығушылықта арттыру мақсатында осындай бір акция өткізбекпіз. Біздің бастамамызды жүзден аса домбырашы қолдады. Сонымен қатар облыстық және қалалық әкімдік ұйымдастыру жағын өзіне алды. Бұл біздің өнерге деген көзқарасымызды көрсетеді", - деді шараны ұйымдастырушылардың бірі, блогер Данияр Жаныс.
Қатысушылардың репертуарында ұлттық мотивтегі шығармалар, қазақ композиторларының шығармалары және заманауи эстрада туындылары да болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - аспапты кеңінен насихаттау. Домбырада ойнай алатын кез келген адам, қатарға тұрып күй орындай алады.