Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Алтын адам" ("Жыл адамы") Мемлекеттік премиясының марапаттау рәсімі болып өтті.
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Алтын адам" ("Жыл адамы") Мемлекеттік премиясының марапаттау рәсімі болып өтті.
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері, профессор, театр және кино режиссері Талғат Теменов "Мәдениет қайраткері" аталымы бойынша "Алтын адам" құрметті атағына лайық деп танылды.
Талғат Теменовтің "Адамдар арасындағы бөлтірік" атты толық метражды көркем фильмі Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15 халықаралық кинофестивальдың Гран-при, Италияда "Күміс аю" жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болған. Талғат Теменовтің өз сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында "Шаңырақ", "Қайдасың сен, Чапай?", "Торо", "Адамдар арасыңдағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті" болса, "Алма бағы", "Көгілдір такси" (С.Сматаевпен бірігіп), "Аққудың көз жасы" сынды пьесалар жазған. Тарихи тақырыпқа қойылған "Көшпенділер" фильміне режиссер ретінде қатысқан Талғат Досымғалиұлы оқырман көпшілікке жазушы ретінде де таныс. Ол "Қайырлы таң" және "Гүлназ", "Ой жасын" атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.
2017 жылы режиссер Ш.Айтматовтың "Қызыл орамалды шынарым" спектакін сахналады. "Біздің қаланың кішкентай ханзадасы" кинокартинасы прокатқа шығып, Ялтада, Казаньда өткен Халықаралық кинофестивальге шақырту алды.
"Алтын адам" ("Жыл адамы") фестивалі - "Жыл таңдауы" халықаралық мәртебеге ие және ТМД мемлекеттерінен 5 елде: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Белоруссияда өтеді.
"Алтын адам" ұлттық жобасы саясаттан аулақ әрі тәуелсіз жоба болып саналады.