"Танцы со звездами" қатысушысы 41 жасында коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Танцы со звездами" қатысушысы 41 жасында коронавирустан қайтыс болды © facebook/asmalovskaya.kristina

Биші әрі тележүргізуші, "Танцы со звездами" шоуының қатысушысы Кристина Асмаловская 41 жасында коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы оның әріптесі, "АБВГДейка" бағдарламасының жүргізушісі Татьяна Черняева Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биші әрі тележүргізуші, "Танцы со звездами" шоуының қатысушысы Кристина Асмаловская 41 жасында коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы оның әріптесі, "АБВГДейка" бағдарламасының жүргізушісі Татьяна Черняева Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол жеті жыл бойында біздің сайқымазақтар телевизиялық мектебімізде қатысушы болды. Оны кішкентай көрермендердің бірнеше буыны сүйіп көрді, абыройын, тәрбиесін және қайырымдылығын бағалады... Әлі де талай буын мектепке "Кристина Алексеевнамен" бірге дайындалады. Есімі мәңгі жадымызда!" - деп жазды Черняева.

Кристина Асмаловская - спорттық бал билерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кәсіпқойлар арасында Ресейдің үш дүркін чемпионы

Оның айтуынша, тележүргізуші COVID-19-ға қарсы екпе салдырмаған.

"Россия 1" телеарнасындағы "Танцы со звездами" жобасында ол белгілі әртістермен бірге өнер көрсеткен, оның ішінде ресейлік актер Марат Башаров бар. Бұл дуэт жобада үшінші орын алды.

Асмаловская фильмдерге де түскен. Ол "Моя прекрасная няня" және "Адъютанты любви" сериалдарындағы эпизод рольдерімен танымал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети