Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Өнер

Тарихтағы үздік жаңажылдық фильмдер аталды 26 желтоқсан 2021, 12:54

Америкалық Fox News телеарнасы тарихтағы үздік жаңажылдық фильмдер тізімін жариялады. Ең алдымен, көрермендерге Роберт Земекистің "Рождество
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

"Один дома" фильмінен алынған кадр

Америкалық Fox News телеарнасы тарихтағы үздік жаңажылдық фильмдер тізімін жариялады. Ең алдымен, көрермендерге Роберт Земекистің "Рождество тарихы" (2009) анимациялық фильмін көруге кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, телеарна "Чарли Браунның Рождествосы" (1965) фильмін, ол Рождествоның шын мәнін білуге тырысатын кейіпкер туралы және Тим Ален түскен "Санта Клаус" (1994) фильмін ұсынады.

Тізімге Хью Грант пен Кира Найтлидің "Реальная любовь" (2003), "Гринч - похититель Рождества" (2000), "Рождественские каникулы" (1989), "Эльф" (2003), "Крепкий орешек" (1998) және "Один дома" (1990) кірді.

Бұған дейін Netflix жаңа жылға орай "Ирония судьбы, или С легким паром!" фильмінің америкалық нұсқасын шығаратыны хабарланған болатын, онда Ипполитті қытайлық актер ойнайды. Голливудтық жоба атауы "Тағдыр туралы" (About Fate). Лукашиннің рөлін "Фарго" хикаясындағы танымал Томас Манн ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram