18 наурыз 2014 15:14

Татарстан Президенті қазақстандық музыкантқа бір көліктің құнындай баян сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Тутаев. ©prokazan.ru Руслан Тутаев. ©prokazan.ru

Татарстан Президенті Рустам Минниханов қазақстандық музыкант Руслан Тутаевқа бағасы шетелдік жеңіл көліктің құнындай қымбат баян сыйға тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ProKazan.ru сайтына сілтеме жасай отырып. Руслан Тутаев Семей қаласында тұрады. Ол 2012 жылы Барнауылдағы Сабантойға қатысқан. Сол кезде Татарстанның Президенті оның өнеріне тамсанған болатын. Қазақстандық жас дарынға жаңа баянның қажет екенін естіген Минниханов осы мәселені шешуге сөз берген еді. 2013 жылы Семейде өткен Сабантойда Руслан Тутаев Татарстанның бірінші Президенті Минтимер Шаймиевтің қолынан аспаптың сертификатын алды. Қазақстандық музыкантқа арналған баян Мәскеуде арнайы тапсырыспен жасалды. Дайын болған аспапты Тутаев Мәскеуден алып қайтты. Алайда баянның нақты бағасы аталған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Татарстанның бірінші Президенті Минтимер Шаймиев ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевпен және Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовпен бірге 2013 жылы маусым айында Семейде өткен Сабантойға қатысқан болатын. Сондай-ақ қала музейлерін аралады, этномәдени орталықтардың мүшелерімен тілдесті, Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети