17 қазан 2016 | 19:58

"Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған" "Ақтастағы Ахико" драмасының алғашқы қойылымы көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтастағы Ахико" драмасы - М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 91 маусымының алғашқы қойылымы. Театр бұл жаңа қойылымын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Ақтастағы Ахико" драмасы - М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 91 маусымының алғашқы қойылымы. Театр бұл жаңа қойылымын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарлагты зерттеуші, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбековтің идеясы бойынша драматург авторы Мәдина Омарова жазып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Маемиров сахналаған бұл қойылым театр ұжымының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған үлкен жобасы.

"Қарлаг" - Кеңес Одағындағы лагерьлердің бас басқармасы ГУЛАГ-тың Қазақстандағы еңбекпен түзеу лагерьлерінің бірі болды. Қуғын-сүргінге ұшырағанбір миллионға жуық адам Карлагта небір азапты кезеңді бастан өткерді. Олардың арасында қазақтармен қатар орыстар, украиндар, латыштар, эстондар, поляктар, еврейлер, немістер, жапондар, француздар, италиялықтар, тағы да басқа көптеген ұлттар өкілдері болды. Солардың бірі - жапондық Ахико Тецуро.

Спектакльге осы Ахиконың қилы тағдыры арқау болды. Нақтырақ айтқанда, Кеңес үкіметі кезінде сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, 17 жасында жазықсыздан жазықсыз атақты Қарлаг түрмесіне түсіп, жастық шағын азапты өмірмен өткізген, босап шыққан соң, Қарағанды маңындағы Ақтас қаласында тұрақтап, қоныстанып қалған Ахико есімді жапон азаматының тағдыры көркем баяндалады.Кейін әкесімен және бауырларымен қауышқан Ахико Тецуро өзінің тарихи Отанына барады, бірақ, Қазақстанға қайта оралады.

Қазір Ахико ақсақал 85 жаста. 11 немере, 5 шөбере сүйіп, үлкен әулеттің басы болып отыр. Ахико Тецуроның тағдыр жолы - сталиндік зұлмат жылдарында Қазақстанға қоныс аударған, айдалып, жазықсыз сотталып лагерлерге әкелінген мыңдаған адамдардың, түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры. Қойылымда Ахиконың тағдыры арқылы, ХХ ғасырдағы ең ауыр кезеңде, азап лагерлерінде отырып, өзінің адами бейнесін сақтап қалған рухы мықты, жасампаз жандардың жиынтық бейнесі жасалған.

Қойылым соңындағы Ахиконың монологы "Пейілі кең, құшағы ыстық Қазақстандай еліміз бар. Тіршілігіміздің әлсіз шырағы сөнер шақта, пана болды. Сан мыңдаған рухты аманат етіп қабылдап, көбесін бұзбай, қатарын сиретпей Отан-Аналарына қайтарды. Мен болсам, өзіңе қайта оралдым, Қазақстаным. Өз Отанымды сүймегендіктен емес, сенің алдыңда борыштар болғандықтан. Тұғыры - асқақ, болмысы - паң, бітімі - бекзат Қазақ Елі - енді менің елім. Ынтымақтың ұясы, жерұйық мекен Қазақстан - енді менің Отаным", - деген өзекжарды сөздермен аяқталады.

Қазақстанның театр кеңістігінде тұңғыш рет көзі тірі саяси қуғын-сүргін құрбанының тағдыры деректі драмаға арқау болып, сахнадан алғаш рет көрсетіледі. Ахико Тецуро бейнесі - барлық қазақстандықтарды елдік пен бірлікке, келісім мен ынтымаққа үндейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети