Тележүргізуші Иван Ургант анасынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Валерия Киселева. ©kino-teatr.ru/ Валерия Киселева. ©kino-teatr.ru/

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерия Киселева 64 жасқа таяған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды LifeNews телеарнасы. Ол - танымал тележүргізуші Иван Урганттың анасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерия Киселева 64 жасқа таяған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды LifeNews телеарнасы. Ол - танымал тележүргізуші Иван Урганттың анасы.

Телеарнаның хабарлауынша, әртіс өз пәтерінде қайтыс болған. Туыстарының айтуынша, ол созылмалы аурумен ауырмаған, бірақ соңғы күндері тұмау жұқтырған. Өз бетімен емделуді жөн көрген әйел дәрігерлерге қаралмаған. 

1 ақпан күні таңертең Валерий Киселеваның жағдайы күрт нашарлаған. Шақыру бойынша келген жедел жәрдем дәрігерлері әйелдің қайтыс болғанын анықтады. Актриса алты күннен кейін - 7 ақпанда 64 жасқа толуы керек еді. 

Киселеваның қайтыс болғаны анықталғаннан кейін полицияға хабар берілген. "Туыстарының айтуынша, ол тұмаумен ауырған, бірақ дәрігерлерге көрінбеген, өз бетімен емделген. Бұған қоса, әйел ағзаны тазартатын препарат ішкен. Полиция пәтерден препаратты таппады. Туыстары Киселеваның созылмалы аурулармен ауырмағанын да айтты. Тексеру материалдары Тергеу комитетіне берілетін болады. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады полицейлер. 

Ресейдің өзге ақпарат құралдарының хабарлауынша, анасының қазасына байланысты тележүргізуші Иван Ургант "Кешкі Ургант" бағдарламасының түсірілімін бірнеше күнге кейінге қалдырды. 

Валерия Киселева 1986 жылдан бері Акимов атындағы Санкт-Петербург комедия академиялық театрында қызмет еткен. 2000 жылы оған "Ресейдің еңбек сіңірген әртісі" атағы берілді. Иван Ургант - оның бірінші күйеуі - Андрей Урганттан туған ұлы, екінші күйеуі - Дмитрий Ладыгиннен актрисаның Валентина, Александра атты екі қызы бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro