Түркістанда "Шабыт" жастар шеруіне 3 мыңға жуық жасөспірім қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда "Шабыт" жастар шеруіне 3 мыңға жуық жасөспірім қатысты

Түркістанның Есім хан алаңында "Шабыт" шеруі өтті. Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің үшінші шеруіне саз, өнер мектептері, колледж студенттері мен қала мектептерінен 3000-ға жуық оқушы қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын жүзеге асыру бағытындағы шара мақсаты - дәстүрлі ұлттық тәрбиені ұлықтау, ата мен әже институтын дәріптеу.

"Балаларымыздың мерейі үстем болса - мемлекетіміздің мәртебесі қашанда биік", - деген облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев балаларға жеңіс пен бақыт тілейтіндігін жеткізді. Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін акцияның маңыздылығы орасан екендігін де назардан тыс қалмады.

Шеру жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Балалық шақ мейрамына есте қаларлықтай көрініс берген кешті ата-аналар, мәдениет пен спорт өкілдері ерекше ықыласпен тамашалады.

Сурет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети