Ұлжан Байбосынова Өзбекстанда өткен Халықаралық жыршы фестивалінде жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлжан Байбосынова Өзбекстанда өткен Халықаралық жыршы фестивалінде жеңімпаз атанды

"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Ұлжан Байбосынова Өзбекстанда өткен Халықаралық бахшы (жыршы) фестивалінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 5-ші сәуірінде Өзбекстан Республикасының Термез қаласында тұңғыш "Халықаралық бахшы (жыршы) өнерінің фестивалі" өтті. Фестивальдің ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қатысуымен болды.

1-ші Халықаралық бахшы фестивалінде бахшы өнер додасымен қатар, ұлттық тағамдардың, қолөнер бұйымдарының, халықтың салт-дәстүріне қатысты жәдігерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бес күнге созылған алғашқы фестивальға Корей, Моңғолия, Малайзия, Венгрия, Сербия, Башкортостан, Түркменстан, Түркия, Әзірбайжан, Болгария, Қырғызстан мен тағы басқа тәрізді 74 мемлекеттен 160-тан аса өнер иесі қатысты.

Қазақстанның атынан мәртебелі өнер додасына Сыр бойы жыраулық мектебінің үлкен өкілі, атақты Бидас Рүстембековтің шәкірті, жырау Ұлжан Байбосынова қатысты. Доданың қорытындысы бойынша Ұлжан Байбосынова бас жүлдені ұтып алып, өнеріміздің абыройын асқақтатты.

Ұлжан Байбосынова - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің директоры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, Франция әдебиеті мен өнері кавалері орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети