Мариин театры астаналық көрермендерге Рихард Вагнердің "Нибелунг сақинасы" тетралогиясының екі бөлімі - "Рейн алтыны" мен "Валькирияны" ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мариин театры астаналық көрермендерге Рихард Вагнердің "Нибелунг сақинасы" тетралогиясының екі бөлімі - "Рейн алтыны" мен "Валькирияны" ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана Опера" театрына гастрольмен Мариин теартынан екі жүзден аса адам келді - олар солистер, оркест және хор. Қойылымның тұжырымдамасы - Валерий Гергиев, Георгий Цыпин. "Рейн алтыны" және "Валькирия" операсының режиссері - Юлия Певзнер.
"Біз бір-бірімізді тегіміз бойынша атамаймыз. Мен қоңырау шалып: "Төлеген" деймін, сосын біз кез келген жоспарымыз туралы айта бастаймыз. Қазақстанға екі рет келгенбіз, енді үшінші рет жолымыз түсті. Алматыға да барып келдік, біз ол жақта қосымша концерттер де қойдық, жарнамасы жасалмағанына қарамастан барып, өнер көрсетіп қайттық. Мұндай дүниелер тек достардың арасында болады - ешқандай келісім шартсыз, ештемесіз. Міне осындай күтпеген, бірақ өте жақсы достық, өте керемет көңіл-күй", - дейді Мариин театрының жетекші-директоры Валерий Гергиев опера басталар алдындағы баспасөз жиынында. Бүгін ол дирижерлік пультте тұрады.
Маэстро "Аттила" операсында пультті басқарып отырғанына қатты қуанғанын да айтты. "Бұл сіздердің ұжымдарыңыздың керемет жұмысы. Мен өзім үшін тамаша хор-оркестрін аштым. Біздің жобаларымыз жалғасын табады дегенге сенімдемін. Біз тек дос болғандықтан емес, өйткені осы жерде де бізге жақсы жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған", - дейді ол.
Операда Вотан рөлін Корольдік "Ковент-Гарден" театрынан шақырылған атақты Уиллард Уайт орындайды. "Бәрінен бұрын маған ұнағаны кеден қызметінен бастап қонақ үйдегі, театрдағы - жылы шырайлы адамдар болды", - дейді Қазақстанға бірінші рет келіп тұрған Уайт.