19 ақпан 2014 | 18:00

"XXI ғасыр Тенорлары" ұжымы Алматыда Operamania гала-концертінде өнер көрсетеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Опера әншісі Дина Хамзина. ©Айжан Тугельбаева Опера әншісі Дина Хамзина. ©Айжан Тугельбаева

23 ақпан күні Алматыдағы Республика сарайында Operamania гала-концерті өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сахнада "XXI ғасыр Тенорлары" ерекше арт-жобасы өнер көрсетеді. Ресейлік музыкант әрі продюссер Дмитрий Сибирцев Мәскеудің ең ірі опералық театрларының, оның ішінде Ресей мемлекеттік академиялық үлкен театры, Станиславский және Немировича-Данченко атындағы Мәскеу академиялық театрының, Мәскеудің Жаңа опера театрының мықты деген тенорларын жинаған екен. "Бұл салтанатты іс-шара Алматыда классикалық өнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы концерттен кейін көрермен Алматыдағы барлық театрлардың классикалық репертуарын тамашалауға деген қызығушылығы артады деп ойлаймыз", – дейді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жетекшісі Қайрат Құлбаев. Гала-концертке қазақстандық белгілі опера әншісі Дина Хамзина (меццо-сапрано) қатысады. Ол Лада Кысыковамен бірлесіп Жак Оффенбахтың "Гоффман ертегілері" операсындағы "Баркароланы" және Джоаккино Россинидің "Екі мысықтың дуэті" операларын орындайды. Сондай-ақ гала-концертке Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова да қатысады. Алматылық көрермендер Гедиминас Таранда жетекшілік ететін "Имперский русский балет" өнерін де тамашалай алады. Опера және балет орындаушыларын Абай атындағы мемелкеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрі сүйемелдейді. Сондай-ақ концерке "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетеді. Аталған іс-шара "Алматы – ТМД-ның мәдени астанасы" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer