Йоко Оно ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Ria.ru.
Йоко Оно ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Ria.ru.
Атақты музыкант Джон Леннонның жесірі, суретші Йоко Оно Нью-Йорктегі ауруханалардың біріне жатқызылды. Оны ауруханаға жатқызуға тұмауға ұқсас ауру себеп болды.
Ононың өкілі Эллиота Минтцтың айтуынша, суретшінің халі оңалып келеді. 83 жастағы кейуанаға ауруханаға жату туралы кеңесті оның дәрігері берген. Оно сенбі күні ауруханадан шығуы мүмкін. Минтцтың айтуына қарағанда, БАҚ суретшінің инсульт алғаны туралы хабарлама жариялаған, алайда бұл жалған ақпарат.