ЮНЕСКО қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

ЮНЕСКО қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ЮНЕСКО қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

"Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитеті адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының қайта таныстыру тізіміне жаңа он элемент енгізді, олардың қатарында "Вырумаа үйезіндегі дәстүрлі монша (Эстония)", "Қазақтың домбырамен дәстүрлі күй орындау өнері (Қазақстан), "Қырғыз бен қазақтың киіз үй тігу тәсілдері (көшпелі түркі халқы)" (Қазақстан, Қырғызстан) бар", - делінген ЮНЕСКО хабарламасында. 

"Қазақтың күйі қос ішекті дәстүрлі, алмұрт іспеттес, ұзын мойыны бар аспап - домбырамен орындалатын жеке аспапты қойылым дегенді білдіреді. Күйдің маңызы тарихи түп тамыр мен салт дәстүрді байланыстырып классикалық және суырып салма орындау арқылы халықпен байланысуында жатыр. Күй отбасылық немесе көпшілік жиындарда орындалады және әдетте аңыз, әңгімелер қоса айтылады. Домбырамен күй орындаудың қазақ халқының әлеуметтік бірлігі мен өзіндік ерекшелігін, ауызбіршілігін сақтаудағы атқаратын маңызы зор", - делінген ЮНЕСКО сайтында.

Комитет отырысы Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өтіп жатыр және ол 28 қарашада аяқталады. Материалдық емес мәдени мұралардың қайта таныстыру тізіміне материалдық емес мұралардың әралуандығын және барша адамзат үшін оның маңызын түсінуге ықпал ететін элеметтер енгізіледі.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer